Өтірік өрге баспайды

Бір күні Арман суға шомылу үшін анасына:
— Мама, мені футбол ойнауға жібересіз бе? – деп күмілжіп үн қатады. Ойында еш нəрсе жоқ анасы:
— Жарайды, — дейді. Баласы кеш қарая өзінің досы Ерболды ерте келеді.
— Əй, Ербол, несінші орын алдыңдар? – деп Ерболдан Арманның анасы сұрайды.
— Футбол болады деп кім сізге айтып еді? – дейді Ербол. Оны естіп Арман не деп айтарын білмей дал болып қалады.
Мамасы тұрып:
— Арман футболға кеттім деп сұранып еді ғой, — дейді. Арман сылтауын тауып:
— Мен бүгін ағайдан сұрап едім, бүгін футбол болмайды деді, — деп айта салды.
Содан бері Арман өтіріктің өрге баспайтынын түсініп, ешқашан ешкімді алдамайтын болды.
Сабырбек ТІЛЕКТЕС.
Алматы облысы, Қойшыбек ауылы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *