«Мөлдір бұлақ»— Сенің рухани азығың, Һәм бұлағың, Жаныңа нұр құятын шырағың!
Бұл жолдар балаларға арналған танымдық журналдың оқырмандарына арнауы, тіпті Ұраны деуге болады. Өйткені, осы жылдар ішінде қан-
шама дарынды бала шығармасының тұсауы біздің басылымда кесіліп,
көпке танылды. Басылымның оқырмандармен қауышып келе жатқанына
13 жылдан асып барады. Құдайға шүкір деп айтайық, оқырмандарымыз-дың барына қуанамыз. Бір отбасында, айталық 5 адам болса, соның бар-
лығы да «Мөлдір бұлақ» журналының жанашыры. Әр нөмірін асыға күтетінін айтады. Десекте, «Әттеген-ай!», «Қап-қап!» деп өкінер тұс-тарымыз да жоқ емес. Бас шайқап, «Баласын журналға жаздырып берсе,
ата-анасы қаншама сауап алар еді-ау» дейміз. Басылымға төлеген азған-тай ақша қайда қалмай жатыр? Журналды қолына алып, оның ішінде ұл-қызына тағылым беретін нендей нәрсе бар екен деп, парақтап үңілмеген ата-анадан не қайыр? Ерінбей, өзіңіз «Қазпошта» бөлімшесіне барып, журналға жаздырып берсеңіз, балаңыздың төбесі көкке бір елі жетпесі анық. Балаңыздың шынайы қуанғанынан қымбат бақыт бар ма, сірә!
Құрметті Ата-ана!
Әсіресе аналар жағы: «Балаларымыз сабақ оқымайды. Компьютерден шықпайды. Ғаламтордан сұмдық сайттарға кіріпті, масқара», — деп бет шымшып, талып қала жаздайды. Бала неге ғаламтордан шықпайды? — деп оның көргендерін тізіп шығасыз.
Ал, Сіз оның шарасыздан ғаламторға байланып қалғанын білесіз бе?
Өйткені, оқулықтан басқа, жанына жақын айналысатын ісі жоқ. Ғаламтордағы мультифильмдер мен фильмдерді де сағаттап отырып, көрдік. Атыс-шабыс — қан төгу. Күш көрсету, зорлық-зомбылық, одан қалса махаббат. Ес білгеннен санасына сіңген осындай оқиғалардан соң, әрине, ұл-қызыңыздың көзқарасы да, мінез-құлқы да өзгереді. Мұны біз емес, сіздер айтасыздар.
«Мөлдір бұлақ» журналына 12 айға жазылу бар-жоғы — 2411 теңге 64 тиын, аудандар үшін, облыс орталықтары – 2308 теңге 20 тиын, қала бойынша — 2303 теңге.
Әкелер девальвацияға байланысты темекі қымбаттады, күніне 600 теңгеге шылым шегеміз деп қиналуда. 4 күн темекі сатып алмаңыз, есесіне балаңызға журналды жаздырып берсеңіз, өкінбейсіз. Аналарымыз апта сайын дерлік тойға барады. Әр тойға бару үшін сұлулық салонына кем дегенде, 10-12 мың теңге төлейді. Соның 2400 теңгесін қиып, «Мөлдір бұлақ» басылымын жаздырып беріңіз де, ұл-қызынызды шапағатқа бөлеңіз. Олай болатыны, журналдан бала толассыз тәлім алады. Шығармашылыққа ден қояды. Жазған дүниелері басылымда жарияланады.
Ж.Кучукова,
ҚР Мәдениет
қайраткері.
Сәлеметсіздер ме!Сіздерге оқушының жұмысын қалай жіберуге болады?Материалдың бағасы қанша болады?