Тазалық гигиенасы

Гигиена – грек сөзі «Gugieinos» —
«емдеу, денсаулық әкеледі» деген мағына береді, сауықтыру деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды.
Шаш гигиенасы. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Шашты жылы суға жуып, белгілі бір сусабынды пайдалану керек. Сусабынмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шаяды. Шаш жарқырап тұру үшін 1 литр суға 2 ас қасық 8%-ды сірке қышқылын қосып, шашты шаяды. Шашты тарағанда тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.
Тырнақ күтімі. Аяқ және қол саусақтардың тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақты күту – гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз…
Жалғасы алдағы сандарда…
Балалар, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап тазалықты бірінші міндетің деп санағаның жөн. Тазалық сенің басты байлығың, яғни тазалық бар жерде денсаулығың да бар. Тазалық, ұқыптылық, ақылдылық пен білімділік сені ашық әрі жарқын өмірге қарай жетелейді..

Бетті дайындаған:
Адина ЕРҚАРАЕВА

ПІКІР ЖАЗУ