Кітап — біздің досымыз
Кітап адамға білім береді. Кітапсыз өмір қызықсыз. «Кітап — көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан», «Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол», «Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы» деген сияқты мақал-мәтелдер бізге кітаптардың маңызын байқатады. Кітап көзіңді ашып, ойды өсіреді. Кітаптарға шаң жуытпай, аялап ұстау керек. Керек бетін белгілеу үшін парағын қайырып қоймай, бүктемей, қағаз салып қояды. Сызбайды, сия тамызбайды. Кітап — біздің досымыз.
Гүлсезім Сайдазим,
№ 154-мектептің оқушысы, Алматы қаласы.