Нәрлі таңертеңгі ас

«Таңғы асты тастама» демекші, таңғы астан ешқашан бас тартпау керек. Таңертеңгі ас үшін көкөністерді, бүтін бидайдан пісірілген нанды таңда. Жаңа сығылған табиғи шырындарды іш. Өзің үшін сүт өнімдерін аяма. Емдәмді сақтағанда, жүгері немесе сұлы қауызын же – олар сені тойдырады. Ауыр қорытылатын тамақты қолданудан аулақ бол. Күнделікті таңертеңгі асың, ең алдымен, нәрлі және салауатты болуы тиіс. Сондықтан белокқа (балық, жұмыртқа, шұжық өнімдері, соя), (жаңғақтар, көкөністер мен жемістер), сондай-ақ жақсы көмірсуларға (бүтін бидайдан пісірілген нан) бай өнімдерді таңдай біл.
Сонымен қоса, салауатты таңертеңгі ас салауатты өмір стилі, әсіресе балалар мен жастардың арасында насихатталуы тиіс, яғни асқа көкөністер мен жемістерді қосу керек.
Мүмкін сен тәтті ұйқыдан оянған соң қарныңның ашқанын сезбессің, дегенмен де дұрыстап тамақтануға тырыс. Бұл өз денсаулығың үшін аса қажет.

Суретті салған: Омар МАМАНҚҰЛ. Қасымбек ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ