Менің арманым

Мен атамның сүйікті немересімін. Өзім атамды үлгі тұтамын. Жауапты қызметтер атқарған. Әжем ұстаздық еткен. Қазір екеуі де зейнеткер. Әкем — кәсіпкер, анам — орыс тілі пәнінің мұғалімі. Әпкем — Айдана 8-сыныпта оқиды. Қарындасым — Жанел 2 жаста. Ол өте сүйкімді. Мен оны қатты жақсы көремін.
Бокс үйірмесіне қатысып, жаттығып жүрмін. Арманым — болашақта еліміздің әйгілі бокс шеберлері Серік Қонақбаев, Ермахан Ыбраимов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев ағаларымдай чемпион атану. Спорт әлемінде ағалар көтерген биік Туды түсірмей желбіреткім келеді. Ол үшін көп еңбектеніп, жаттыға беремін.

Жанеділ ТОҚТАРӘЛІ,
Жамбыл облысы, Шу ауданы,
Белбасар ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ