Футболка

(ағылш. T-shirt) – қысқа жеңді, көбінесе түймесіз, жағасыз және қалта-сыз киім. Футболкалар басқа киім түрлері сияқты ерлер және әйелдерге арналған болып келеді, түрлі пішіндер мен модельдер бойынша тігіледі. Алғашқы футболка киімі бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде дүниеге келген. Алдымен, Американдық әскерлер европалық солдаттардың осындай жеңіл, ыңғайлы киіммен жүргенін көріп, қызықтаған. Содан бастап футболка киімі қолға алынады. 1918 жылы мұндай киім үлгісін ти-шорт («Т» әріпі формасындағы жейде) деп атады. 1950 жылы танымал актерлер – Марлон Брандо, Джеймс Дин және Джон Уэйн футболканы қолдап, экран алдына шығады. Ал 1955 жылы әркім өзінің ыңғайы үшін кие бастайды. Біздің қазіргі киіп жүрген үстіміздегі жеңіл жейде, көйлектеріміздің тарихы осылай басталған.

ПІКІР ЖАЗУ