Құрметті редакция!
Кеш те болса, қолыма қалам алып, сіздермен қуа-
нышымды бөліскелі отырмын. Алматыда Оқушылар сарайында ақиық ақын Мұқағали атамыздың туған күніне орай ұйымдастырылған V Республикалық «Жырлайды жүрек» атты байқау өткен болатын. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен оқушылар қатысты. Балалар М.Мақатаевтың жырларын оқып, өлеңдеріне жазылған әндерді орындауда шеберліктерін байқатты.
Мен де байқауға қатысып, «Көркем сөз» оқу номинациясының ІІ орын жүлдегері атандым. Және ақынға «Арнау» өлеңімді жолдап отырмын.
Арнау
Мұқағали мақтанышы халқымның,
«Өлім » оны ерте бастан жалмады.
Жырлады ол — Қарасазды, кеңдікті,
Өзі өлсе де, өлместей бар мұрасы.
Үш бақыты — Халқы, Тілі, Отаны,
Мақтан етті үшеуінде ардақты.
Болашаққа арыз жазып кеткенде,
Бір сәтке де естен шығара алмапты.
Нұрғаным САЙДИН,
М.Мақатаев атындағы №13 мектеп.
Алмты облысы.