Масалар неге ұйықтамайды?
Жаз күндері күн батып, айнала қоңырсалқын күйге енісімен масалардың шағуы жиілей түседі. Неге олай? Өйткені олар нәзік жәндіктер. Құрғақ ауада, әсіресе күн қызған кезде масалар тез құрғап, өліп кетуі мүмкін. Сондықтан олар белсенді әрекетке түнде кіріседі. Бір таң қаларлығы, олардың ұрғашылары ғана қанмен қоректенеді. Оларға белок қажет. Белок жеткіліксіз жағдайда жұмыртқалары жетілмей, ұрпақсыз қалады. Ал аталық масалар қан ішпейді, адамдарға жоламайды.