Анаммен сайысқа қатыстық

Мен жақында еңбек пәні мұғалімі Нұрсипат тәтейдің ұйымдастыруымен «Мен және менің анам» деген сайысқа анам Әсел екеуміз қатыстық. Сайыста түрлі сұрақтарға жауап беріп, «Анаға сәлем» әнін орындап өнер көрсеттік. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» дегендей, мен ата-анамды жақсы көремін, сыйлаймын. Мектебімізде осындай қызық сайыстар көп болса деймін.
Хатымды бір шумақ өлеңмен аяқтағым келіп тұр:
Ата-ана жүрегім,
Арқа сүйер тірегім.
Өмірлерің ұзақтан
Болсын менің тілегім.

Камила ДӘУРЕНҚЫЗЫ.
Жамбыл облысы,
Шу ауданы, Белбасар ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ