«Мөлдір бұлақ» — досымыз
Менің апайым Пернегүл Жұмабекқызы. Мен апайымды өте жақсы көремін. Өйткені біздерге білім үйретеді. Қазір өзіміз оқып, жаза аламыз. Бір күні қаңтар айында бізге апайымыз «Мөлдір бұлақ» журналын алып келді, ішінен әр түрлі қызықты әңгімелер оқып берді. Балалардың бәрі өте қызығып оқыды. Енді біз «Мөлдір бұлақпен» достастық. Ай сайын әр санын тағатсыздана күтетін болдық. Біздің білімімізді көтеру мақсатында сенімді дос тауып берген Пернегүл Жұмабекқызына алғысымыз шексіз.
Жания БАЗАРБЕК.
В. Г. Белинский орта мектебі.
Қаскелең қаласы.