Естен кетпес кездесу
Мектебімізде қазақтың сыршыл да, сарбаз жазушысы, жерлесіміз Сайын Мұратбековтің 75 жылдығына арналған «Шалқар даланың Сайыны» атты семинар болып өтті. Семинарға жазушының қаламдас достары, бауырлары, аудан мұғалімдері және «Жусан иісі» повесіндегі Аянның прототипі Кәрімов Науқан ата қатысты. Семинарда әр түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде маған ұнағаны, 9-сынып оқушыларының «Жусан иісі» повесінен даярлаған «Аянның балалар үйіне кетуі» көрінісі мен осы повесть бойынша өткізілген семинар-конференция болды. Мен «Жусан иісі» повесін қызыға оқып шыққан едім, бірақ осы семинар барысында өзімнің талай нәрсені жете түсіне алмағаныма көзім жетті. Содан бері үзбей әдеби кітаптар оқып жүрмін. «Кітап – адамның досы» деген сөздің шындығына көзім жетті. Екінші бір ұнаған сәт – Аянның протитипі Науқан атамен болған кездесу. Кітаптағы ақылды, нәзік те сыпайы, бір аяғын сылтып басатын аяулы жанның бүгінде 15 баланың әкесі, бірнеше орден, медальдардың иегері, ауылдың ардақты ағаларының бірі болып жүргені мені қатты қуантты. Мен үшін бұл естен кетпес кездесу болды.
Жәнел ОРАЗАЛИНА.
Алматы облысы, Ескелді ауданы.