Аспириннің пайдасы мол

♦ Жақсы көретін ақ блузкаңда тер дағы қалып, кетпей қойса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, шыныаяқтың жартысына жылы су құйып, араластыр. Кірленген жерге осы ерітіндіні құйып, екі-үш сағат солай қалдыр. Кірленген жері өзі-ақ ағарып шығады.
♦ Көпшілік бетке шыққан безеуден көп қиналады. Бір түйір аспиринді ұнтақтап, суға саласың да, безеуге жағып, екі минут ұстайсың. Осылай бірнеше рет қайтала.
♦ Қайызғақ мазаңды алса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, бас жуар кезде кәдуілгі сусабынға қосып, бір-екі минут ұстап, артынша таза сумен шай.
♦ Аспирин бақшаға да пайдалы. Ұсақталған аспирин тамыр жүйесіне қуат береді, суға ерітілген аспиринмен бүлінген топырақты өңдейді.
♦ Раушан және басқа үзіп алынған гүлдер ұзақ сақталу үшін, су құйылған құмыраға бір түйір аспиринді салып жібер. Тек суды ауыстырып тұруды ұмытпа.

ПІКІР ЖАЗУ