Сиыр төлінің аталуы
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан қазақтар сиыр малын өсіруге ерекше көңіл бөлген. Тұқымын асылдандыру, қолдан будандастырудың арқасында етті, сүтті Зеңгі баба ұрпағы сиырдың басқа да түрлері (алатаудың ақбас сиыры, голлевой т.б.) біздің елімізде өсіріле бастады. Ал қазақ халқы сиыр атауын жас ерекшеліктеріне қарай қалай атаған екен?
Қара мал (ірі қара) – сиырдың жалпы атауы.
Бұзау – туғанына алты ай толмағаны.
Баспақ – алты айдан асқан төлі.
Торпақ – алты ай мен бір жасқа дейінгісі.
Тайынша – бір жастан асқаны.
Тана – бір мен екі жас аралығындағы ірі қара.
Қашар – екі жасар ұрғашысы.
Құнажын – үш жасар ұрғашы мал.
Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы.
Тайөгіз – бір жасар еркек мал.
Өгізше – екі жастан асқан еркек мал.
Құнан – үш жасар пішпе.
Дөнен өгіз – төрт жастан асқаны.
Атан өгіз – денесі ірі, қартаң пішпе мал.
Құр өгіз – ешқандай шаруаға пайдаланбай еркін жүріп, семірген соғым малы.
Мөшке – сауын сиыр.
Жылдым сиыр – күйі ерте келіп, жылда бұзаулайтын сиыр.
Тынжы – сүті көп сиыр.
Толғанай АСЫЛХАН.
ШҚО, Үржар ауданы,
Қабанбай ауылы.
Адина ЕРҚАРАЕВА.
Так долго