Тең түсті

Қазіргі күндері Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиынында жүрген Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы Мәскеудің «Спартак» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең ойнады. Сыр бойының футболшылары матчта өздерінің жоғары шеберліктерін танытты. Соның нәтижесінде ресейлік атақты клубтан қалыса қоймады. Атағы жер жарған командамен тең дәрежелі ойын көрсеткен қайсарлықтар мәскеулік Андрей Святов салған голға Жасұлан Молдақараевтың добымен есе қайтарды. Команда оқу-жаттығу жиыны барысында тағы да бірқатар белгілі ұжымдармен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

ПІКІР ЖАЗУ