Ақпан

Балықтар. Уақыт сен үшін жұмыс істейді. Сондықтан да оны қажетіңе қарай қалауыңша қолдана біл және
уақытыңды текке өткізбе. Жұлдыздар саған шығармашы-лықпен айналысуды талап етеді, себебі бұл сенің болашағыңа үлкен үлесін қоспақ.

Тоқты. Ақпан айындағы қолайлы сәтті пайдалана отырып, денсаулықты күтуді ескертеді. Шығармашылық иесі болуға дайын тұрған тоқтыларға алдағы көктем сәттілік пен табыс әкелмек.

Торпақ. Торпақтар болашаққа бағдар берерліктей бекем жоспар құрғаны абзал. Бұл сен үшін басты ауыртатын басты мәселеге айналуы тиіс. Себебі, жаңалыққа толы келер жаз сенен көп күш-қайрат талап етеді.

Егіздер. Егіздер үшін қыстың соңғы мерзімі мен көктемнің келер сәті – қай жағынан қарасаң да сәтті жыл болмақ. Кез келген жаңа бастамалар мен жобалар үшін қолайлы кезең. Терең білім алсаң, сенің болашағың жарқын болады.

Шаян. Биік белестерді бағындырғың келсе, оқу жылы аяқталғанша аянбай тер төгуіңе тура келеді. Жеткен жетістігің отбасың мен ұстаздарыңды және достарыңды да қуантады.

Арыстан. Жұлдыздар арыстандарға жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Күш-қайратың тасып, әрбір іс-әрекетің оң бағасын алады. Сондай-ақ жаңа қызығушылықтарға жол ашады.

Бикеш. Бикештер үшін ақпан – тек қуанышқа толы ай болады. Көктем мезгілін асыға күтіп жүрген бикештер ақпанның қалай өтіп кеткенін аңғармай да қалады. Оқудағы озат үлгеріміңмен алға қарай жылжып келесің.

Таразы. Сен айналаңдағы болып жатқан жайттарды таразылай отырып, бұрынғыға қарағанда ұсақ-түйек нәрселерді уайымдай бермейсің. Бастысы, көңіл-күйің мен ішкі сезіміңді тежемегенің дұрыс. Жұлдыздар таразыларға қандай шешім қабылдаса да, тек жүрек қалауымен бір мәмілеге келуге кеңес береді.

Сарышаян. Ақпан айында өзгерістер орын алады. Бір кездері күш-қайратың тасып жатса, енді бір жағдайда тым сабырлы боласың. Әдеби кітаптарды жиі оқып тұруды естен шығарма. Шығармашылығың арта түсуде.

Мерген. Мергендерді қызықты саяхат күтіп тұр. Сондай-ақ олар қоғамдық өмірге белсенді араласатын болады. Шығармашылық кештерге белсенді ат салысуыңды талап етеді. Спортпен айналысуды ұмытпағайсың.

Тауешкі. Жылдың алғашқы айларынан тауешкілер көптен күткен тепе-теңдікке қол жеткізеді. Алға қойған жоспарларың жүзеге асып, көңілің жай табады. Тек жалқаулығыңды тыйғаның жөн.

Суқұйғыш. Жаңа таныстар суқұйғыштар үшін келешекте сәтті одақ құруға көмектеседі. Үлкен құлшыныспен кез келген істі бастай бер. Алда үлкен белестер тосып тұр. Тек өзіңе сенімді бол.

ПІКІР ЖАЗУ