Ауылым

Міне, менің ауылым – нұр мекенім,
Әлдилеп, бесігімді тербеткенің.
Сезбеппін-ау сезімнің менде екенін,
Білмеппін-ау, бақыттың сенде екенін.Би билеуді үйреткен тал-терегің,
Бір өзіңнен сезіндім ән-дерегін.
Жер бетінің жұмағы сен екенсің,
Сенен артық мекенім бар ма менің?!
Ақнұр ҚҰРМАНБАЙ.
Алматы облысы, Панфилов ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ