Қазақ тілі елінде

Ерте заманда Қазақ тілі елінде Леп белгісі мен Сұрақ белгісі деген екі дос болыпты. Бір күні олар дауласыпты:
Леп белгісі:
— Мен саған қарағанда адамдарға пайдалымын. Олар мені жақсы көреді. Өйткені мен ылғи олардың қуанышты көңіл күйлерін білдіремін.
Сұрақ белгісі:
— Жоқ. Адамдарға мен пайдалымын. Мен арқылы олар білмеген дүниесін сұрайды. Білімдерін толықтырады.
Сол кезде бір бала олар-дың дауын естіп тоқтатты:
— Достар, дауласпаңдар! Сендер екеулерің де бізге пайдалысыңдар. Сендерсіз біздің тіліміз қызықсыз және көңілсіз болар еді.
Олжас ҚАЙДАРОВ.
Семей қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ