Мақатаев оқулары

13bet_1Жамбыл облысында ақиық ақын Мұқағал Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «М.Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлері» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен  аталмыш шара «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы және облыс әкімдерінің тілдерді  дамыту басқармасы демеушілігімен Тараз қаласындағы М.Мақатаев атындағы № 14 қазақ орта мектебінде өткізілді.  Байқауға қатысқан он үміткер ақынға  арнап жазған өлеңдерін оқып,  М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Ерлан Асанов жеңімпаз атанса, Ерімбет Досалиев ІІ Орын, Ләззат Тілебалдиева мен Еркін Мәжіков ІІІ орынды иеленді.

ПІКІР ЖАЗУ