Байи берсін еліміз

Көк байрағым желбіреп,
Көк аспанда қалқиды.
Егеменді елім деп,
Шаттық әні шалқиды.

Ынтымақтың ортасы,
Достары көп – жоқ қасы.
Алтын бесік аяулы –
Қазақстан көш басы.
Құнарлы боп жеріміз,
Толқындасын көліміз.
Еш уақытта тарықпай –
Байи берсін еліміз!

Жасұлан АДАЙҰЛЫ.
ОҚО,
Отырар ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ