Жұлдыз-жорамал
Балық 20.02-20.03
Әркімнің көңіліне қаяу келтіріп алмауға тырысатын балықтарға жаңа жыл тосын сый сыйламақ. Жаныңа жақын аяулы дос кездестіресің. Ұйымдастырылған кештерге белсенді қатысатын боласың.
.
.
.
.
.
.
.
.Тоқты 21.03-20.04
Тоқтылар үшін ұлу – тынымсыз жыл болмақ. Айналаңдағы адамдармен тез тіл табысып, ұрымтал сәттерді жіберіп алмауға тырыс. Ортаңдағы және отбасыңдағы бедел-мерейің арта түспек.
.
.
.
.
.
.
.
Торпақ 21.04-21.05
Ескі жылды табыспен шығарып салып, келер жаңа жылды шаттықпен қарсы аласың. Тек өмірдің әр қилы сынағынан сүрінбей өтуің қажет. Осалдық танытпағайсың.
.
.
.
.
.
.
Егіздер 22.05-21.06
Алдағы жыл қолыңа алған істі нәтижелі аяқтауға оңтайлы мүмкіндік бермек. Алға қойған мақсатыңа жетуге бетбұрыс жасайтын оң өзгерістер орын алуы мүмкін. Келер жыл өзіңе тек сәттілік әкелсін.
.
.
.
.
.
.
.
Шаян 22.06-22.07
Шаяндар жауапкершіліктен қашпайтын, әділ шешімге жол бастайтын жандар. Осындай мінезіңе көңілі толған ұстаздарың сенен үлкен үміт күтеді. Сондықтан, үлкендердің үмітін ақтауға тырыс.
.
.
.
.
.
.
.
Арыстан 23.07-22.08
Өмір өз ағынымен өте бермек. Сен тек соның көшінен қалып қоймауға тырыс. Кез-келген жұмысты соңына дейін тиянақтай аласың. Алда үлкен сыйлық тосып тұр..
.
.
.
.
.
.
.
Бикеш 23.08-23.09
Өткен жылмен салыстыра қарағанда, ұлу жылы сенің өміріңе аса үлкен қуаныш пен сәттілік әкелетін сыңайлы. Қуаныштан басың айналып, сабағың жайына қалып жүрмесін.
.
.
.
.
.
.
.
Таразы 24.09-23.10
Жаңа жыл күні таразыларға бірнеше ұсыныс түспек: отбасымен бірге қарсы алу, достарымен қарсы алу немесе туыстардың үйіне қонаққа бару. Қайда барсаң да әке-шешеңнің ақылымен қадам басқаның жөн болар.
.
.
.
.
.
.
.
Сарышаян 24.10-22.11
Сарышаяндардың арман-мақсаты шексіз көп. Дегенмен, жаңа жылда өткен реніш-мұңың ұмытылып, бәрін ойдағыдай, сәтімен бастауға жағдай туады.
.
.
.
.
.
.
.
Мерген 23.11-21.12
Мергендер үшін 2012 жыл сәтті басталмақ. Жылдың алғашқы жартысында күтпеген қызықтардың куәсі боласың. Денсаулығыңа көп көңіл бөл.
.
.
.
.
.
.
.
Тауешкі 22.12-20.01
2012 жылында табысқа жетесің. Оқу үлгерімің жақсарып, ұстаздарыңның көңілінен шығып, үмітін ақтайсың. Тек алға қарай ұмтыла бер.
.
.
.
.
.
.
.
Суқұйғыш 21.01-19.02
Суқұйғыштардың ең сүйікті мерекесі – Жаңа жыл. Сыныптастарыңмен үлкен бәсекеге дайындалу үстіндесің. Бәрін алға сүйреп, жетістікке жеткізесің.