Алладан жұлдыз алды

10bet_f4Өнер әлемінде жастардың ден қоя тыңдайтын әншілеріне айналып үлгерген «Ринго» тобы қыркүйек айының 12-ші жұлдызы күні Crimea Music Fest атты халықаралық фестивалға Қазақстаннан қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сахнада батырлар киімінің жаңа үлгісінде ән салған төрт жігіт талайларды тамсандырды. Олардың өнеріне тәнті болған  әйгілі әнші Алла Пугачева «Алланың алтын жұлдызы» атты сыйлығын өз қолымен табыс етті. Ән байқауынан елге оралған ринголықтар көрермендерімен кездесіп, әсерлерін айтып тауысар емес. Келген жастарға «ырым» етіп, өздерінің сүйікті заттарын тарту етумен әлек. Адина ЕРҚАРАЕВА.

ПІКІР ЖАЗУ