Қазақ балетінің болашағы

11bet_f111Италияда өткен өнер, спорт және табиғат  фестивалінде жарқ етті
Қазақстан  Италияда өткен халықаралық дәстүрлі балет фестивалінде жеке-дара үздік шықты. Семей өңірінің екі жас өрені Қазақстан атынан осы фестивальге қатысқан еді. «Виват, Италия!» атты осы өнер додасында 13 жасар Айым Қалиева итальяндықтардың  «Тарантелла» атты қызуқанды биін орындап, бас жүлдені жеңіп алды.

Айым  ҚАЛИЕВА  мен Дамира  ХАСЕНОВА.
Ал 16 жасар Дамира Хасенова «Аққу» атты классикалық қазақ композициясымен әділқазылардың ыстық ықыласына бөленіп, бірінші орынды еншіледі.  Сөйтіп, екеуі де әр елден келген 70 өнер-паздың ішінен суырылып шығып, бір номинация бойынша көш бастады. Фестиваль Италияның  Римини қаласында өткен. Додаға қатысу мәртебесіне ие болу үшін олар алдымен Мәскеуде  ресейлік кәсіби шеберлердің алдынан сүрінбей өтіп, Италияда бақ сынады.

Айым:
— Байқау биік деңгейде өтті. Биді шеберлікпен орындасам да, алдында қатты алаңдадым. Дегенімен көрермендердің қошаметі маған қайрат-жігер берді. Сонда  барып менің биім өте жақсы шыққанын  түсіндім.

Дамира:
— Қарсыластарым да  менен қалыспады. Жар-қылдаған 66 нөмір қойылды! Менің қазақша биім әсерлі шыққан сияқты, өйткені, би аяқталғанда, әділқазылардың өздері «Браво!» деп айқайлады ғой.
Сөйтіп,  Айым мен Дамира — Қазақ балетінің болашағы жарқын екенін әйгілеп берді.
(Өз тілшімізден).

ПІКІР ЖАЗУ