Бәйге! Бәйге! Бәйге!
«Мөлдір бұлақ» журналы ұйымдастырған дәстүрлі бәйгесі биыл да дүркіреп өтті.
Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі мектепте білім алып келе жатқан жасөспірімдерден «Мәдени мұра және Мөлдір бұлақ» бәйгесіне толассыз хаттар келіп түсті. Бұрынғы бәйгелерден бұл бәйгенің айырмашылығы, оқырмандарымыздың көпшілігі еліміздегі мәдени мұра орналасқан ауылдарды аралап, көрген-білгендерін жазды. Фотосуретке түсірді. Көп еңбектенді. Соның арқасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізді.
Сәуір айында бәйге жеңімпаздары әдеттегідей Алматыға арнайы шақырылып, сыйлықтары тапсырылды. Шақыру алған жеңімпаздарымыз сонау Ақтөбе облысының Байғанин ауданынан Мейірім, шығыстағы Тарбағатай, соның ішінде Оралхан Бөкеев, Марат Қабанбайдай атақты жазушылар, Қалихан Ысқақ, Әлібек Асқаровтай тұлғалар туған топырақтан келген Әнел, қарағандыдан — Керім, Мақтааралдан Мадина мен Айдана редакцияда танысты. Балаларының қуанышына ортақтасқан ата- ана мен ұстаз да «Мөлдір бұлақта» бас қосты.
Сүйікті басылымдарының аламан бәйгесіне шығармашылық ізденістерін шыңдап, дараланған балалардың сыйлық алған бұл күні жүректерінде ұмытылмайтыны ақиқат. Өйткені, 3-сәуір күні бүкіл қазақстандықтар бір дауыспен Елбасына дауыс беріп, Мемлекет басшысы қайта сайланды. Ал, 8-сәуір күні Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлықтау салтанатты жиыны өтті. Дәл сол күні редакцияда жеңімпаздардың бағалы сыйлықтары тапсырылды. «Қазақстан-ZAMAN» ЖШС-ның бас директоры Ахмет Аляз Астанада Елбасының Ұлықтауына қатысты.
«МБ» дәстүрлі бәйгесінде «Мыңнан — тұлпар, жүзден — жүйрік» озған жеңімпаздарына сыйлықты бас директордың орынбасары Африза Айтбайқызы мен «Қазақстан-ZAMAN» Халықаралық газеті-нің Бас редакторы Ертай Айғалиұлы тапсырды.
Сондай-ақ, дәл сол сәтте «Карикатура — күлкі тура» бәйгесінің жеңімпаздары да сыйлықтарын алып, мәре-сәре күй кешті.
— Қы-зым, Алматыда көктем келіп, жанса-райыңды жайнатып тұр екен. Қыстық киіммен бізді көргендер шошып кететін болды-ау.
— Ана, ешбір әбіржімеңіз. Сыйлығымызды аламыз да таксимен «Сайранға», одан «Үржарға» зымыраймыз. (Зарина Алтынханова).
— Мен анама көмектесіп, шелпек пісірдім. Шелпектің бірінде «Алла» деген жазу пайда болды. Бұл 2007 жылы еді. Сол туралы жазып, суретімен «МБ-қа» жібердім. Мақалам жарияланды. (Мадина Жүсіп әкесі және туыстарымен).
Нығыметолла Оразбайұлы ақсақалдың барлық немерелері «МБ-тың» оқырманы. (Данияр, Әйгерім, Нұрлыбек).
—Апа-ай-й, сабақтан қазір шықтым. (Айдана Иманбекова).
Айым: — Көлік кептелісінен әрең шықтық. Келсем, ешкім көрінбейді.
Азиза: — Мен де кешіктім. Мектебіміз Достық пен Митин көшесінде, Алматыда тұрып, менің кешіккенім тіптен де ұят болды.
— Құрбылар, келіңдер, ескерткішке суретке түсейік. (Қырмызы, Әйгерім, Нұрғанат).
— Адамды шаршат-пай, сыйлықтарын берсе екен, тезірек үйге қайтатын. (Әйгерім)
Керім.
Күміс Қалткей
— Балаларымыз алыс жолдан шаршап келеді. Түске дастархан әзірлеп жіберейік.
Шамшибану Шамшидинова
Зарина.
Айдана жұмабай.
Ерасыл: — Қызбен «Қаражорға» билей алмаймын.
Әнел: — Ән айтылса болды, өзім билей беремін.
Бекзат.
Мейірім мен Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ.
Құралай ЖАУКЕНҚЫЗЫ. Жамбыл ауданы.
Сәния ҚАЛИЕВА. Ақтөбе облысы.
Меруерт Асқарова: — Шығарма-шылықтағы алғашқы жеңісім!
Балқаш МАҚСҰТҚЫЗЫ. ШҚО.
Шартараптан келген балалар Алматыда бас қосты
— Уһ-һ, ұлдың скейті екен ғой. (Нұрлан).