Құрбыларым
Менің достарым да, құрбыла-рым да көп. Олар: Айнұр, Ұлтуған, Жазира, Фариза, Динара, Ақжан, Еркегүл, Маржан. Бәріміз «Мөлдір бұлақты» сүйіп оқимыз. Біздер бауырмал және татумыз. Айнұр мен Фариза өте ақ көңіл, ашық мінезді қыздар. Ақжан сыныптағы әдемі қыз, ән айтқанды ұнатады. Жазира мен Динара қалжыңды көтере алмайды. Ашушаң. Біз үшін соның өзі қызық. Сонда да мен оларды жақсы көремін. Сурет салады. Ал, Еркегүл спорт десе, ішкен асын жерге қояды. Маржан да еңбекқор, мейірімді қыз. Осындай достарым болғаны үшін мен өте бақыттымын.
Перизат СЕЙСЕНБЕКОВА.
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
Тескенсу ауылы.