Кел, балалар, оқылық!
Ұлы ағартушы-педагог, ғалым, жазушы Ыбырай Алтынсарин есімі бүгінде кез келген баланың жадында десек, артық айтқандық емес. Ғалымның өлеңдері шәкірттердің жадында жатталып қалған.
Биыл ағартушының туғанына 170 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласындағы № 67 мектепте «Ұлы дала ұстазы» атты әдеби- шығармашылық кеш өтті. Кешті 5- сынып жетекшісі Гүлнар Айтинбетова ұйымдастырды. Кеш үш бөлімнен тұрады. «Жарқын ғұмыр» — оқушылар ұлы тұлғаның қызметі мен шығармашылығын интерактивті тақта арқылы слайд түрінде көрсете білді. «Ыбырай— балалар әдебиетінің атасы» деп аталатын бөлімде педагог-тың аудармашылық, жазушылық, ақындық өмірі жайында шағын сахналық көріністер қойылып, өлеңдерін жатқа айтып шықты. «Ыбырай армандаған жастар» бөлімінде мектеп оқушылары болашақ жайлы ой-пікірлерімен бөлісіп, бойындағы таланты мен өнерін ортаға салды.