Жүгері салаты
Құрамы: Шаян таяқшалары – 1 қорап (240г); жүгері – 1 қалбыр (340г); 3 жұмыртқа; 150г пияз; майонез.
Дайындау тәсілі: Өте танымал тағам. Шаян таяқшаларының орнына шаян етін қолданса да болады. Құрамындағы заттардан 7-8 кісіге дайындауға болады. Пиязды ұсақ тураймыз, егер пияз өте ащы болса, онда туралған күйінде оны 10 минутқа суда ұстаймыз. Шаян таяқшаларын ұсақтап турап, жұмыртқаны да ұсақ үккіштен шығарамыз. Жүгері мен шаян таяқшасын, пияз, жұмыртқа, майонезбен араластырамыз. Сонымен жүгері салатымыз дайын. Бұл өте дәмді де, тез дайындалатын салат түрі.
Ас дәмді болсын!
Әзірлеген: Адина ЕРҚАРАЕВА.