Фильм де осылай аталады

10bet_f111«Әнші болғым келеді» продюсерлік  орталығында өнерге қанат қағып келе жатқан өрендердің өнерін теледидар арқылы  тамашалап, білудеміз. Жақында, осы аттас музыкалық – комедиялық фильм тұсауын кеспек деген хабарды естідік. «Жақсыны көрмек үшін» деп Абай атамыз айтқандай, біз де орталыққа қарай асықтық.
Қашанда қарбаластың ортасында жүретін Алтын Махамбетова ұстаздық етуден жалыққан емес. Қаумалай айналасына жиналған жас әншілердің әрқайсысына  сахнада өзін қалай ұстау керектігін, жүріс-тұрысты, бір сөзбен айтқанда сахна өнерінің мәнеріне келтіре үйретіп жатыр екен. Оның үстіне «Әнші болғым келеді» фильмінің жүргізушілеріне айтар сабағы да аз емес. Қызу дайындықты бөліп, Алтын апайға жолыққан едік.
10bet_f26— Уақыт — зымыран деген. Әне-міне дегенше
9 жыл да  өте шығыпты. Кеше ғана бізге келген кішкентай ботақандар бүгінде жасөспірімдер арасында танымал бола бастады. Бұл дарынды балалармен бірлесіп атқарған еңбегіміздің жемісін бере бастағаны. Сол еңбегіміздің топтамалық нәтижесі болсын, әрі балаларды кино саласында да баулып көрейік деп, фильм шығаруға бел байладық,- деп А.Махамбетова орталықтың жаңа істері жайлы айтып өтті.
Ұзақтығы 1 сағат 20 минуттық фильмнің кейіпкерлері «Әнші болғым келеді» телебағдарламаның  талантты өнерпаздары. Көгілдір экран арқылы көптеген кішкентай көрермендермен бірге біздің оқырмандарымыз да Жасұлан  Көпбергенов, Фариза  Жоламанова, Райымбек Айтбек, Жазира Елібай, Ақжан  Айдар, Әли Тұрсынбай,Әлішер Дүйсенов және Айгерім Мергенбай есімді құрбыларының талантына тәнті болады. Фильмде басты рөлдерде ойнайтын балғындарымызбен кездесіп, әңгімеге тартқан едік.
10bet_f33— Өнер баспалдағымен ақырындап көтеріліп келе жатырсыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін! Фильмде кімнің рөлін сомдайсыңдар?
Айгерім  Мергенбай:
— Жүргізушілік бағытта аздаған тәжірибем бар. Кештерге  қатысып, клиптерге түстім. «Әнші болғым келеді» бағдарламасын жүргізіп келемін. Ал, кино әлемі мүлде бөлек дүние екеніне көзім жетті. Мен басты рөлде жағымды кейіпкер- әнші қызбын.
Жасұлан  Көпбергенов:
— А.Жұбанов  атындағы  Республикалық  дарынды балаларға арналған музыка мектебінің 5 «б» сыныбында оқимын. Сахнаға  шығып, ән салып  жүрмін. Алған марапаттарым да бар. Фильмде Айгерімді
өзіме қарату үшін  өлең айтып, ерекшеленуге тырысамын. (Күлді, оның сөзіне қосылып бәріміз күлдік). Бұл-оңай емес екен.
— Өнер жолы — қиын жол. Тынымсыз еңбектенуді талап етеді. Сендердің негізгі еңбектерің- оқу. Сабаққа үлгере аласыңдар ма?  Оқуларыңа  уақыт аз қалмай  ма?
— Бәріне  үлгеруге тырысамыз. Мұны күнделікті үлгерімімізден де көруге болады.
— Өнердегі алғашқы қадамдарың қалай басталды?
Айгерім:
— Жасұлан екеуміз бір мектепте оқимыз. Осында оқып, әнші Айгүл  Иманбаеваның  «Күз», «Жау  жаңбыр» өлеңінің  клиптеріне түстім.
Жасұлан:
— Менің әнге деген қызығушылығым әпкем Таңшолпанға еліктеу арқылы оянды. Әпкеммен қосылып ән салдым, өлең жаттадым.
— Әңгімелеріңе рақмет! Өздеріңдей тума талант құрбыларыңның көбеюіне  тілектеспіз.
    Адина  ЕРҚАРАЕВА.

ПІКІР ЖАЗУ