Ауылдағы «Азиада»

11bet_f34Қазақстанның ҮІІ Қысқы Азия ойындарын  өткізу құқығына ие болуы — әр баланың жүрегінен  ерекше орын алды. Азиада басталмас бұрын еліміздің барлық елді аймақтарында «Алау»  эстафетасы өткізілді. Мұндай  келелі шараларға ең алдымен үн қосатын мектеп мұғалімдері мен шәкірттер ғой.
Өзім білім алатын Қасымбек атындағы орта  мектебінде қысқы «Азиада» өткізілді. Оны дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері М.Айтаев, Т.Савруков, Д.Акетаев, Ж.Мейірманов ұйымдас-тырды. Жарысқа 5-10-сынып оқушылары қатысып, шана және шаңғымен сырғанады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, біз Қазақстанда қысқы Азия ойындарының жоғары деңгейде өтуіне өз үлесімізді қоса білдік деп ойлаймыз. Лаула, Азиада алауы! Алға, Қазақстан!
 Салима  Чонушева.
Алматы  облысы, Жамбыл  ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ