Міне былқ, міне сылқ

12bet_f18Ертеректе қомағай бір жігіт болыпты. Оның қомағайлығы соншалық, тамақ жұтқанда «қылқ-қылқ» еткен дыбыс шығарады екен. Ол бір күні үйленетін болып, қалыңдықтың үйіне барыпты. Қазақтың рәсімімен ауылдың қыз-келіншектері жиналып, күйеуді күтеді, әрі сынай отырады. Оны жігіт те сезіп, өзін-өзі ұстап, жұтынғанда «қылқ-қылқ» ететін әдетін байқатпауға тырысады.
Бір кезде ет асып әкелінеді. Бағанадан бері ішкен-жегеніне қанағаттанбаған күйеу жігіт мына астан асап жегісі келеді. Аузына үш-төрт рет салып жұтады да, «қылқ-қылқ» еткен дыбысы естіліп қалды деп, бір қолымен асты аузына салып: «міне былқ», екінші қолымен асты аузына салып: «міне сылқ» деп жұтынған екен.
Содан ел ішінде  бірінен екіншісі астам түсіп жатқан қылық-әрекеттер жайында айтылатын «Міне     былқ, міне сылқ» деген сөз қалған екен.

К.ОРАЗБЕКҰЛЫ.

 

 

ПІКІР ЖАЗУ