Қойға түскен ұры едім, «әринемен» құтылдым

12bet_f26«Айыпты болып тұтылып едім, қулығымның, әдіскерлігімнің, жол тапқыштығымның арқасында оңай құтылдым» дегенді аңғартады.
Бір  ұры біреудің қорасына түссе, үй иесі шығып қалыпты. Үй иесі сөздің байыбына бара бермейтін аңғырттау кісі екен. Бетпе-бет келіп қалған ұрыға сұрақтарды жаудырыпты.
— Жайша жүрсің бе?
— Әрине, — депті ұры.
— Біздің қораға жай кірдің бе?
— Әрине.
— Мал іздеп жүр ме едің?
— Әрине…
Өстіп, ол не десе де, ұры «әрине» деп жауап қайтарып, құтылып кетіпті. Былай шыққан соң өзінің амал тапқыштығына сүйсініп: «Қойға түскен ұры едім, «әринемен» құтылдым», — деген екен.

 

К.ОРАЗБЕКҰЛЫ.

 

ПІКІР ЖАЗУ