“Ақ олимпиада” — балабақшада

11bet_f17“Ақ олимпиада” — балабақшада басталып, бүлдіршіндер Азиаданың бой тұмары “Аланды” қарсы алды. Және оларға “Азиада-2011” көрмесін тамашалатты.
Алматы қаласындағы  Гүлнар Айтбайқызы басқаратын № 57 балабақша тәрбиеленушілері ҮІІ  қысқы Азиада ойындары өтетінінен хабардар. Өйткені, күнде ертеңгілік жаттығу кезінде  жаттықтырушы Анжелла Бексеитова, музыкалық жетекшісі Лиза Ниязова апайлары айтып оты-рады. Біз куәсі болған «Біз— көңілді балалар» тәрбие сағаты да Азиадаға арналды.
— Балалар, Азиада  ойындары қашан басталады?
— 2011 жылы қаңтарда және ақпанда.
— Қай қалаларда өтеді?
— Алматы мен Астанада,-дейді бәрі бірге жауап беріп.
— Балалар,  спорттың қанша түрінен жарыс өтеді? 
 11bet_f1_f1Бұл сұраққа сәбилер сәл кібіртіктеп, саусақтарын санап қалды. Ересектер тобының  ботақандары ғой. 11bet_f2-d0b0-4Естерінде қалмапты. Олардың білмегенін топ жетекшісі Гүлмира Нышанханқызы  түзетіп жүр. Осыдан кейін балалар орталарына «Аланды» шақырып, бәрі мәре-сәре болды да қалды. Тақпақтарын айтты, ән салды. Спорттық ойындар ойнады. Өнерін де, спортпен шұғылданатынын да көрсетті. Ата-анасымен қосылып, тамаша сурет салатындарын байқатты.
— Мына суреттерге қарасаңыз, балабақшаның әр тобындағы балдырғандар салды дегенге сене қою қиын. Үлкендердің  көмектескені сезіліп тұр. Бізде ғана емес, аудан көлеміндегі балабақшалар арасында ұйымдастырылатын көрме ғой. Тәуір болсын деген ойымыз,-деп  әдіскер Ақтоты  Сейсенбайқызы ағынан жарылды.
     Қысқы Азия ойындарына байланысты
ертеңгілік П.Ерназарова, Г.Шайкенова, Г.Қайыпбаева, К.Қадырбаеваның топтарында да өтті. 
Ж.Тұрсынқызы.

ПІКІР ЖАЗУ