Жыр-шашуымыз — Тәуелсіздікке

14bet_f17Тәуелсіздік мерекесі еліміздің барлық мектептерінде әдеби-шығармашылық кеші негізінде сахналық көріністермен көмкеріліп өткізілді. Алайда, балалардың сүйікті журналы «Мөлдір бұлақтың» 12-саны бұл уақытта баспадан басылып шығып, оқырманға тарап үлгерген болатын. Сол себепті, шара туралы сәл кешігіп жариялауға тура келгенін де айта кеткеніміз орынды.
А.Қарсақбаев атындағы №41 мектептің оқушылары Тәуелсіздік мерекесіне жыр-шашу арнаған. Мектеп дәлізі абыр-сабыр. «Батыр келеді, жүгірме!» деп тәртіпті қадағалап тұрған кішкентай кезекші балаға жақындадық.
– Батыр ағаларың кімдер екенін білуге бола ма?- дедік. Желтоқсанға қатысқан ағалар, қазір күтіп аламыз,-дейді мақтаныш сезімі кеудесін кернеп.
Сонымен, кең залға жайғастық. Айта кету керек, мектептің бұрынғы ғимаратына көп жылдардан бері алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тура жаңа мектептей жарқырап тұр. Әдеттегідей кеш басталып, оның мән-жайы түсіндірілді. Арнайы шақырылған қонақтар Нұрман Әлібекұлы мен Қали Бүркітбаевқа сөз берілді. Кезек-кезек сөз алған ағалар желтоқсанда куә болған оқиғаларға қысқаша тоқталып, өздерінің және 1986 жылы 16-17 желтоқсанда алаңға шыққан жастардың жазықсыз жазаланғаны  жайлы айтты.
Бұдан кейін мектеп директоры Жанат Жұмаділқызы сөз алды. 1986 жылы  ІҮ курстың студенттері алаңға шығады. Сондағы көргендерін көздеріне жас ала отырып еске алды. Еліміз тарихында сол желтоқсан жастардың тәуелсіздік үшін жанын шүберекке түйген соңғы  оқиғасы болғай. Біздің ұрпағымызды Аллатағала бұдан былай мұндай бәле-жаладан сақтағай деген тілекпен сөзін аяқтады. Балалардан:
— Кәне, Батыр бабаларды аташы,- дегенде:
— Қобыланды, Алпамыс, Қарасай, Қабанбай дей келе кешегі Ұлы отан соғысының ерлері- Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов… деп білетін барлық  батырлар есімін атап шығады. Олардың  қатарына Қайрат Рысқұлбеков пен бірге оқиғаға қатысқан әз-ағалардың да аты-жөнінің қатар аталуы— ұрпағына мақтаныш.
Дана  Атахан,  № 41 мектептің оқушысы.
Алматы.

ПІКІР ЖАЗУ