Семіріп кетсең егер сен, арықтайсың билесең…

14bet_f22Қытай балалары жаппай жасына жетпей толы¬сып кететін ауруға ұшырай бастаған. Былайша қарасаң сұмдық. Сегіз жасар қыздар мен ұлдар үлкендермен бірдей елуінші өлшемдегі киім кие¬тін көрінеді.
Мұның себебі неде? Қасқа бас ғалымдар қарап жатпай күндіз-түні бас қатырып, ақыры анығына жетіпті. Оған кінəлі – балалардың ерке- шолжаңдығы, қарыс адым жаяу жүрмейтіні, шөптің басын сындырмайтыны құсайды.

Суретті салған: Айдана ИМАНБЕКОВА.

Турасын айтқанда, жалқаулығы… Сонымен бірге көшеден əр түрлі сусын ішу де балалар ағзасына өте зиян екен. Зат алмасуды тежейтін көрінеді. Əсіресе, кола…
Əрине, семіздік те ауру. Көзге тым қораш көрінгеніңмен тұрмай, еркін қозғала алмайсың. Ысынып-пысынап, сүйкімсіз жанға айналасың. Мұндай аурудың беті аулақ.
Бала — ел болашағы. Бала ауру болса, болашағың да ауру деген сөз. Амал жоқ, ғалымдар жабылып, бұдан қалай құтылудың амалын іздей бастады. Ақыры тапты. Емнің ең тиімдісі – би өнерімен шұғылдану. Сол-ақ екен, Қытайда адым жерде билейтін орындар ашыла бастады. Балалар міндетті түрде бару керек. Барғысы келмегендер¬ді күштеп апарады.
Иə, шектен тыс семірген балаларға билеу оңай соқпайды. Оларды қызықтыру үшін қыздар мен ұлдарды жұп етіп, билете¬тін ұқсайды. Тағы күн сайын жұптар алмастыры¬лып тұрады. Əйтпесе, екі жұп бір-бірін ұнатып, ғашық боп қалуы ғажап емес.
Сөйтіп, семіздіктің де емі табылды. Адам шы¬нымен іздесе, табылмайтын ештеңе жоқ екен. Ал сендер ше, балалар? Араларыңда жалқаулық басып, толысып кеткендерің жоқ па? Ондай болса дереу билеуге кіріс. Билегің келмесе, күніге бір мез¬гіл қара жұмыс істе.
Əйтпесе, семіріп кетіп, жұртқа күлкі–мазақ боласың.
Əділ БАЛТА.

ПІКІР ЖАЗУ