Раушан гүлі

9bet_f15Құрамы: 1-1,5 стакан жармақ ұнтағы, 150 гр ерітілген сары май, 100 гр қант пудрасы, 2 жұмыртқа, ұн, жаңғақ ұнтағы.
Шербет үшін: 2 стакан қант, 2 стакан су.
Дайындау тəсілі: Алдыменен шербетті дайындап аламыз. Ол үшін 2 стакан қантты 2 стакан суға салып, қою қоспа болғанға дейін қайнатыңдар. Отты өшіріп, шербетті суытып қоямыз. Енді, кезек-кезегімен aерітілген сары май, жұмыртқа, қант пудрасы мен жармақ ұнтағын қосып араластырыңдар. Жұмсақ қамыр шығуы керек. Аз-аздан алып, қолмен қамырды жұқартып, диаметрі 3 см, қалыңдығы 0,5 см шеңберлер жасаймыз. Енді бір шеңбердің үстіне жартылай жауып тұратындай етіп, екінші шеңберді қойыңдар да, екінші шеңбердің үстін жартылай жабатындай етіп үшінші шеңберді қой. Үстіне жаңғақ ұнтағын сеуіп, шетінен үш шеңберді рулет формасын беріп ораймыз. Шыққан рулеттің ортасынан қақ бөл, енді екі жағын тік қойып, майлы қағаз үстінде 25 минуттай пісіреміз. Піскен печеньенің үстіне салқын шербетті құйыңдар. Печеньенің ішінде жармақ болғаны үшін шербеті тез əрі жақсы сіңеді.
Астарың дəмді болсын!
Əзірлеген: Айгүл ҚАНАТОВА.

ПІКІР ЖАЗУ