Жаралы күшік

15bet_f7Сол күні сабақ ерте бітті. Көңіл-күйім əдеттегідей тамаша. Себебі, үш сабақтан бестік баға алдым. Осы қуанышымды анама жеткізуге асығып келемін. Кенет, дүңкиіп жатқан тасқа сүрініп құлап қалдым. Тым асыққан болсам керек. Аяғыма қарасам, қан ағып жатыр. Маған көмек керектігін ұқтым. Жан-жағыма қарап едім, ешкімді байқамадым.

Суретті салған: Ақтоты БЕКЗАТОВА. Жамбыл облысы. 

Тек анадайда кекете қүліп тұрған ересектеу балалар тұр. Олардың көмектесетін ойлары жоқ. Сонымен үйге əрең жеттім. Арада бірнеше күн өтті. Əдеттегідей сабаққа бара жатқанмын. Жол шетіндегі ағаштың түбінен қыңсылаған күшіктің дауысы шығады. Қасына жетіп бардым. Сүп-сүйкімді, топ-томпақ күшік екен. Жүре алмайды.
15bet_f6Аяғын ауыртып алса керек. Дереу қолыма алып, аяғына қарадым. Қан ағып жатыр. Көз жанары да менен көмек сұрап тұрғандай, аянышты. Не істерімді білмедім. Сабақ басталатын уақыт та жақындап қалды. Жаралы күшікті тастауға тағы болмайды. Өткендегі өзім-нің басымнан өткен оқиға есіме түсті. Ақыры бір шешімге келдім. Екі-үш күннен кейін білдім, бұл Азамат деген баланың күшігі екен. Апарып бердім.
Ол қуанып қалды. Ал мен уақытша қонағыммен қимастықпен қоштастым. Себебі, оған бауыр басып қалған едім.
Жаралы күшікке көмектескеніме өте қуаныштымын. Егер біреуге көмек көрсетіп, жақсылық жасасаң, ол саған қарыз болып қалмайды. Күндердің күнінде өтеледі.
Ақбота ӨТЕБАЛА,
№115 орта мектептің оқушысы.
Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ