Абайды ардақтаған Анна

22bet_f31Өткен оқу жылында аудандық кезеңнен жеңімпаз болып, облыстық «Абай оқулары» байқауына қатыстым. Байқаудан екі бірдей олжа еншіледім. Оның бірі жүлделі І-орынды иеленуім болса, бірі Абайды «бабам» деген орыс құрбыммен таныс-тым. Байқау Абай өлеңдерін жатқа оқумен басталды. Талапкерлер алғыр болғанымен, əділқазылардың тосыннан қойған сауалдарынан жаңылысты. Əрине, жаңылмағандары да бар, соның бірі Рябцева Анна Владимирқызы болатын. Ана тілімізді, Абай атамызды ардақтаған орыс аруын «Мөлдір бұлақтың» достарымен таныстыруды жөн санадым. Анна Владимирқызы Ақтөбе қаласындағы № 12 орыс орта мектебінің 10-сыныбында оқиды екен. Ұстазы Орынгүл Абсатқызы Аннаның қазақ тіліне қызығушылығы басым екендігін, қазақ тілінен қалалық олимпиадаларға қатысып жүргенін, бұған дейін де «Абай оқуларының» қалалық кезеңдерінде жүлдегер атанғанын мақтанышпен айтты. Анна Абай атамыздың 31 өлеңін жəне «Ескендір» поэмасын жатқа біледі.
Айзат МҰХТАР, «Мөлдір бұлақтың» жас тілшісі.
Ақтөбе облысы.

ПІКІР ЖАЗУ