Ақ қозым

ak_kozamКөк майсаға бағайын,
Жусанды жер табайын.
Шүйгін жердің шөбіне,
Мал семіртіп алайын.
Əппақ қозым, ақ қозым,
Ойға-қырға шап, қозым.
Көк шалғынды далада,
Шөпке аунап жат, қозым.
Өзен-көлден су ішіп,
Көк құрақты тауыстың.
Кең далада сайрандап,
Желмен бірге жарыстың.
Жаз келді жайрандап,
Гүлденеді иран бақ.
Бүйірі шығып толады,
Қозы кепе болады.
Қанапия БҮБІШХАН, ақын.
Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ