Ата Заң баптарынан
7-бап 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
27-бап 1. Неке мен отбасы, ана мен əке жəне бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау жəне оларды тəрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы əрі парызы.
3. Кəмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.30-бап 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
34-бап 1. Əркім Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
2. Əркім Республиканың мемлекеттік рəміздерін құрметтеуге міндетті.
38-бап Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға жəне табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.