“Футбол” салаты

9bet_f14Құрамы: ақ пен қара нан, 2 картоп, 1 консервіленген тунец балығы, 2 қызанақ, аскөк, майонез.
Дайындау тəсілі: Картоптарды өз алдына пісіріп алыңдар. Бір ыдысқа тунецті майдалап турап, текшелеп туралған картоп пен қызанақты қосып, майонезбен араластырыңдар. Енді ақ жəне қара нанды 5-6 бұрышты формаларда турап, шұңғыл шеңберлі ыдыстың түбіне тізіңдер (өзім орта кесе қолдандым). Ортасына салатты салып, бірнеше сағатқа тоңазытқышқа қоя тұрыңдар. Ұсынар алдында үлкен тарелкеге төнкеріп, айналасына туралған аскөк себеміз.
Астарың дəмді болсын!
Əзірлеген: Айгүл ҚАНАТОВА.

ПІКІР ЖАЗУ