Қос кітаптың қосары көп

22bet_f2Жуырда «Мөлдір бұлақ» журналының редакциясында жаңа шығармалар тұсауы кесілді. Журнал қызметкері Оразбекұлы Кеңес ағаларың өздеріңе базарлық ретінде «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нұрдың ерлік жорықтары», «Қанатты сөз – қазына» атты екі бірдей кітапты жарыққа шығарып, ерледі.
«Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нұрдың ерлік жорықтары» — қиял-ғажайып тарихи-фантастикалық жанрда жазылған. Тарихи-танымдық, отаншылдық тақырыптарды өзек еткен. Яғни, ерлік пен батырлыққа құштар, ұлтжанды Ер, Би, Нұр атты өздеріңнің замандас құрдастарың бөгдепланеталықтардың көмегімен ежелгі сақ дəуіріне кеңістік ауыстырып, Алып Ер Тоңға, Тұмар ханым, Спаргапис, Шырақ баһадүрлермен бірге талай қанды шайқас, жорықтарға қатысады. Өздерінің ақыл, айла-тəсіл, тапқырлықтары арқасында талай қиын-қыстау кезеңдерден жол тауып шығып, жоғырыда аталған тұран баһадүрлерінің жеңісіне жеңіс үстейді. Шығарманың тілі жеңіл, қиял-ғажайып, шытырман оқиғалы. Бұл шығарма былтыр «ZHER SU» корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырып келе жатқан халықаралық «Дарабоз » бəйгесінің жүлдесін жеңіп алған. Ал екіншісі
– «Қанатты сөз – қазына», аты айтып тұрғандай, халық аузындағы кең тараған қанатты сөз тіркестері мен мақал-мəтелдердің қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын қызықты аңыз əңгімелер мен шағын ертегі, шешендік əңгіме этюдтерімен өрнектеп алдарыңа тартады.
Жəне сонымен бірге əлгі қызықты əңгімелердің басы, не аяғында мақал-мəтелдердің мəнін ашып, түсініктемелерін де беріп отырады. Халқымыздың салт-дəстүрі мен этнографиясынан көп мағлұмат алып, тіл байлықтарыңды арттыруға пайдасы зор.
«Бəрекелді» баспасынан шыққан бұл екі кітапты да оқулыққа көмекші құрал ретінде, біреуін – тарих, екіншісін қазақ тілі мен əдебиеті, шешендік өнері пəндеріне қосымша пайдалануға жарайды.
Бұл кітаптар өздеріңді қызықтырса, төмендегі телефондар арқылы байланысып, қосымша мағлұмат алуларыңа болады: 8 (727) 248-40-39 немесе ұялы телефон: 8 777 689 16 93. Немесе “Мөлдір бұлақ” редакциясына хабарласу керек.

ПІКІР ЖАЗУ