Есірткіге жолама
Есірткі адам денсаулығына қатер төндіріп отырған басты кесел. Адам есірткіні қолданса, ағзасы шыдай алмай өліп кетеді. Нашақор есірткіден уланса, оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден, жүйке жүйесін улайды. Есірткі адамға өте қатерлі. Ол аталмаған жерден қылмыстарға итермелейді. Нашақор ашуланшақ, шамшыл келеді. Есірткіге көп адамдар елігіп, нашақорға айналып жатыр. Мен достарыма “нашақорлыққа салынбаңдар, ол ешқашан жақсылық әкелмейді” дегім келеді. Бұл ауруды жеңу жолы – спорт. Сондықтан да спортпен шұғылданайық.
Нұрсұлтан АҚЖІГІТОВ.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебі.