Қан тобы қалай ашылған? (1892-1905)
Адам баласының бойындағы қанның IV топқа бөлінетінін жақсы білесіңдер. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында медицина мен биология саласында ұлы жетістік — қан тобының анықталуы болды. Оны Австрия иммунологы Карл Ландштейнер ашты. Ландштейнер әуелі адамдардың қанын О, А және В тобы деп үшке бөлді. Кейінірек, төртінші АВ тобы да анықталды. Содан бастап, әртүрлі ауруларға аса қажет терапевтік қажеттілік болып келеді.
Медицинадан хабарларың бар деп білеміз. Олай болса, қан құю, әсіресе хирургиялық операциялар кезінде, адамдарға жиі пайдаланады. Қанның төрт тобы резус-фактор арқылы (мысалы, оң +, теріс -) бөлінеді. Науқас адамға аса қажет кезде, қан тобы резус-факторы арқылы анықталынып, қан құю арқылы медициналық көмек көрсетеді.
Әзірлеген: Ж.ТҰРЖАНОВА.