Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова секілді батыр да намысшыл аға-апаларымыздың еңбегі көп сіңді. Олар Тәуелсіздік үшін өз өмірлерін құрбан етті. Біз, кейінгі өскелең жас ұрпақ сол батыр аға-апаларымыздың ерлігін үнемі бағалап, олардың өшпес рухына тағзым етуіміз керек. Аспаны ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін! Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болып, әрқашан сәбилердің шат күлкісі естіліп тұрсын. Айдана ИМАНБЕКОВА. Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ