Жеңіс күні

5bet_f15Зор қуаныш қара түн өткеніне,
Алтын таңды ашық күн жеткеніне.
Қан аралас төгілген көп көз жасы,
Тәңір, қабыл ал мейірім еткеніне.

Бақыт құсы қайта ұшып келгеніне,
Душар болмай дұшпанның мергеніне.
Қайта шықты батқан күн, нұр шашылды,
Тәуба, деймін осыны бергеніне.

Алпыс жылдан асты ғой жеңгеніңе,
Бақыт пенен береке келгеніне.
Қуанышты, бақытты өмір кештік,
Мың шүкірлік тәңірімнің бергеніне!
Жомарт ЖАҒЫПАРҰЛЫ.
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ