Тәуелсіздік

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,
№ 200 мектеп-гимназиясы
6 сынып оқушысы
Байсеит Аяла
Тәуелсіздік
Қуанамыз осы сөзді естуге.
Қуанамыз көркі кірді көштің де.
Кеудемдегі қуанышым титтей-ақ,
Біз тәуелді емеспіз ғой ешкімге.
Бұның бәрі ағалардың арқасы
Бұның бәрі әпкелердің арқасы.
Елім үшін өзі құрбан болса да,
Домалады алға қарай әр тасы.
Есімдері кеудемізде жаңғырып,
Желтоқсанда кетті бізді ел қылып.
Желтоқсанның батырларын құрметтеп,
Ұмытпаймыз, ұмытпаймыз мәңгілік!
Анашым
Сен асылсың анашым
Сен мен үшін панасың.
Сен мен үшін данасың,
Сен мен үшін дарасың.
Сенен ғана нәр алдым,
Махаббатыңнан жаралдым.
Ауырмашы анашым,
Тек сол үшін алаңмын!
Байсеит Аяла 6 сынып



