Жас қаламгерлермен шығармашылық кездесу өтті

2026 жылғы 17 сәуір күні Жамбыл атындағы қалалық кітапханада «Сөз өнеріндегі өлкетану» тақырыбында жас қаламгерлермен шығармашылық кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – сөз өнері арқылы өлкетану тақырыбын кеңінен насихаттау, жас қаламгерлердің шығармашылығын қолдау, әдебиет пен рухани мұраны дәріптеу болды. Кездесу барысында туған өлкенің тарихы мен тағылымы, әдебиеттегі жергілікті болмыс, ұлттық құндылықтар және қазіргі жас авторлардың шығармашылық ізденістері жайында мазмұнды әңгіме өрбіді.

Кездесуге әдебиетсүйер қауым, жас оқырмандар, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара аясында спикерлер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сөз өнері мен өлкетану тақырыбының өзара сабақтастығы, әдеби мұраның маңызы және ұлттық руханиятты насихаттау мәселелері төңірегінде әсерлі әңгіме өрбітті.

Шығармашылық кездесуге Бейбіт Сарыбай, Асылан Тілеген, Нұрбек Нұржанұлы, Тілеубек Батыс, Асылан Қуанышұлы, Қуаныш Жазай қатысып, кешті Маралтай Райымбекұлы жүргізді.

Жылы әрі мазмұнды өткен шара жас қаламгерлер мен оқырмандар арасында еркін пікір алмасуға мүмкіндік беріп, әдебиетке деген қызығушылықты арттыра түсті. Мұндай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас буынның шығармашылық ізденістеріне серпін беретіні сөзсіз.

Ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы,
Қазақстан Жазушылар одағы,
Жамбыл атындағы қалалық кітапхана.

 

https://www.instagram.com/reel/DXOwXsLjc7B/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

ПІКІР ЖАЗУ