Қазақстанда Ұлттық кітап күніне орай кітап апталығы басталды

23 сәуірде Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні аталып өтеді. Осыған орай елдің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін арттыруға және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы ұйымдастырылады. Апталық аясында 1500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.
Бағдарлама келесі күндерді қамтиды:
16 сәуір – «Артық білім кітапта…»
17 сәуір – «Сөз өнеріндегі өлкетану»
18 сәуір – «Кітапхана түні» акциясы
19-20 сәуір – «Weekend. Book. Vibes»
21 сәуір – «Кітап. Тарих. Шежіре»
22 сәуір – «Кітап – достық амбассадоры»
23 сәуір – Ұлттық кітап күні.
Бүгінгі күн «Артық білім кітапта…» тақырыбымен өтіп жатыр. Бұл күн кітапты оқу мен ағартудың, рухани дамудың қайнар көзі ретіндегі мәнін айқындауға бағытталған. Осы орайда елімізде кітап фестивальдері, ашық есік күндері, жәрмеңкелер, кітап оқу марафондары, сондай-ақ баспалар мен кітап дүкендері бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізеді.




