Қабанбай
Біз – ауыл баласымыз. Заңғар таулар, жасыл ағаштар, ашық көк аспан, қызарған қызғалдақ, сайраған құстар үні – мұның бәрі ауыл табиғатының жанды көрінісі. Таңертең тұрып, құстардың сайрағанын естудің өзі қандай тамаша. Мен де сондай шалғайдағы ауылда өмірге келген қазақтың қара домалақ қыздарының бірімін. Ауылымыздың аты – Қабанбай деп аталады. Қара Керей Қабанбай батыр атамыздың құрметіне берілген. Ауылымыздың іргесінде әйгілі Алакөл айнадай жарқырайды. Мен ауылдан алыстап шықсам болды, оның тыныс-тіршілігін аңсап тұрамын. Оның ұшқан құсы, қонған көбелегі, саумал желі – бәрі маған ыстық. Ауылын аңсамайтын жан жоқ шығар, сірә.
Жаңыл АҚРАНБАЕВА. Үржар ауданы, Қабанбай ауылы.