Түркістандық 4 жасар вундеркинд бала дайындық сыныбында оқиды

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылында 4 жастағы Әли Адамбек ерекше ойлау қабілетімен көпті таңғалдырды. Ол екі және үш таңбалы сандарды ойша есептеп, көбейту амалдарын ағылшын тілінде орындайды.
Мұғалімдердің айтуынша, Әли дайындық сыныбында оқығанымен, тіпті 5-6 сынып оқушылары шеше алмайтын күрделі есептерді жылдам шығарады. Сондай-ақ әліппені толық меңгеріп алған.
«Басқа балалар мультфильм көрсе, Әли ағылшын тіліндегі математикалық контенттерді қызығып тамашалайды. Ұйықтар алдында ертегі тыңдаудың орнына жарты сағат бойы есеп шығарып, көбейту кестесін айтуды өтінеді», — дейді анасы Нұргүл Мырзағали.


